Тәрбие жұмысының мақсаты:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығы негізінде 2019-2024 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерін іске асыруға ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу – тәрбие жүйесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтар тәсілдеріне құрылады. Тәрбие жұмыстары барлық ынталы тараптар: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның кең ауқымды қатысуымен кешенді түрде жұмыс жүргізу;
- Мектеп оқушыларының Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында;
- Білім мазмұнын жаңарту жағдайында балалар мен оқушы жастарды тәрбиелеудің идеологисы мен стратегиясын анықтау;
- Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін – өздері танытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау;
- Адами капиталдың сапасын жақсарту мақсатында жастар патриотизм тәрбиелеуге және мұғалімдердің сана- сезімін жаңартыуға аса мән беред.
Тәрбие жұмысының міндеттері:
- Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.
- Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.
- Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
- Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.
- Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі іске асыруына саналы қарым-қатынас қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту, сондай-ақ коэволюция идеяларын қабылдау қабілетіне және оны күнделікті өмірде басщылыққа алуына ықпал ету.
- Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.
- Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
- Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
2021-2022 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жылдық жоспары 8 бағыт арқылы жүзеге асырылды. Атап айтатын болсақ:
- Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие.
- Рухани-танымдық тәрбие.
- Ұлттық тәрбие.
- Отбасылық тәрбие.
- Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.
- Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие.
- Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.
- Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Осы аталған бағыттар бойынша іс – шаралар жоспары құрылды, құрылған жоспар бойынша жұмыстар жүзеге асырылып отыр. Алғашқы қоңырауға арналған «Кел , баллар, оқылық!» салтанатты жиыны 1 – сынып үшін ұйымдастырылды және «Әліппе» оқулығы салтанатты түрде табысталды. Ал 2-9 сынптарда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Сонымен қатар мектебімізде жобалар іске асырылуда. Білім алушылардың өзін – өзі басқаруы және оқуға құштар мектеп. Осы жобалар бойынша жоспарлары құрылып, шаралар өткізіліп, жалғасын табуда