"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Кеңөткел ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Кеноткель отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күні

30.11.2021

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күні. Қазақ халқы үшін еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны бөлек. Бұл мерекенің 1 желтоқсан болып таңдалу себебі де ерекше, өткен күндерді еске алатын болсақ, 1991 жылдың 1 желтоқсан күні бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде қазақ елінің тұнғыш президенті сайланып, ұлт тарихында жаңа өзгерістер бастау алды.

Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен елімізде түрлі іс шаралар, саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалар жүзеге асты. Елбасымыздың кемеңгерлік саясаты арқасында қазақ елі өзге елдерде таныла бастады. Ел іргесі, шекарасы нақтыланды, заңмен бекітіліп жеке Қарулы күштері  құрылды. Елбасымыз қазақ халқы үшін аянбай қызмет етті. Сол себепті болар, елбасымыз халық арасында зор құрметке ие.

Осы мерекеге орай ҚБТУ Ғылыми кітапханасы көрме ұйымдастырды. Көрмеге Нұрсұлтан Әбішұлының кітаптары, кемеңгер басшымыз жайлы жазылған еңбектер, халқымызға арналған жолдаулары және т.б. еңбектер қойылды. Кеңөткел ауылының негізгі орта мектебі осы мерекеге орай "Арай" шағын орталығы бастап, барлық сынып оқушыларымен сынып сағаты өткізілді. Балаларға Тұңғыш Президент жайлы ақпараттар айтылды. Балабақша бүлдіршіндері сурет салды, Бастауыш сынып оқушылары  тақпақ айтып, мерекенің сәнін келтірді.

Просмотров: 156


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст