"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Кеңөткел ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Кеноткель отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаздық лагерь

13.06.2022

Мектепішілік «Балдырған» жазғы сауықтыру алаңының ашылуы туралы мәлімет

 

      1 маусым сағат 9:00де Мектепішілік «Балдырған» жазғы сауықтыру алаңының ашылуы мектеп ішінде өткізілді. Алаңға мектеп 1-6 сынып оқушылары және алаң қызметкерлері мен ата-аналар қатысты. Ашылу мерекесімен мектеп директоры С.Ш.Баймурзин құттықтап, бүлдіршіндерді алаңға белсене қатысуларын, бос уақыттарын тиімді пайдалану жолдарын айтты. Салтанатты жиында балалардың сүйікті кейіпкерлері Кунфу панда, Жолбарыс, Пони кейіпкерлерін сомдаған ұстаздар балаларды қызықтырып, ойындар ойнап, сыйлықтар беріп, ән айтқызып, билетіп, оқушылармен қызықты әсерде естерінде қалатындай ұйымдастыра білді. Алаң жетекшісі Мұхамеджанова К.М. балаларды топқа бөліп, асфальтқа суреттер салғызды.  Ең үздік салған топқа сыйлықтар ұйымдастырып, үлестіріп берді. Жиында «Бақытты балалық шақ» әні  орындалып, «Флешмоб» биі орындалды. Соңында барлық оқушыларға балмұздақ таратылып берілді. Оқушылар мәз-мейрам болып, лагерьдің ашылу салтанатын жақсы көңіл күймен бастап кетті. 

 

Просмотров: 153


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст