Халықаралық интернетсіз күн – бұл жаһандық желіні пайдаланушыларды бір күнге интернетті ойдан шығаруға шақыратын өзіндік бүкіләлемдік флешмоб. Аталған күн әлемнің бірде-бір мемлекетінде ресми түрде атап өтілмейді, бұл бізге Англиядан келген дәстүр және оның негізгі мақсаты, атап өтілгендей, адамзатты кем дегенде бір күнге шынайы өмірге қайтару. Бұл флешмоб, ең алдымен, интернетке тәуелділікпен күресуге бағытталған. Абсолютті шынайылық және смайл орнына шынайы күлкі.
Бұл күнді жаһандық желіден бас тарта отырып, жақындармен өткізу, мәселен, интернетке қосулы барлық құралдарды үйде қалдырып, табиғатқа шығу.Интернеттің оң жақтарымен қатар, теріс жақтары да болады. Медициналық тұрғыдан алғанда, уақытты үнемі желіде өткізу адамның психологиялық және физикалық жай-күйіне теріс әсер етеді, бұл, ең алдымен, балалардың денсаулығына қатысты. Сол себепті, Интернетсіз күн әрқайсымыз үшін оң септігін тигізетіні сөзсіз.Негізгі мақсаты – интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың интернет-белсенділігін бақылауға қатысты интернет-қызметтерді ересек пайдаланушылардың жауапкершілігін, интернет-пайдалану мәдениетін арттыру.