"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Кеңөткел ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Кеноткель отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өрт қауіпсіздігі

12.02.2020

Кеңөткел негізгі мектебі

Өрт қауіпсіздігіне  байланысты өткізген іс-шараның есебі

Мақсаты: Балаларға өрттің қаншалықты қауіпті екендігі туралы түсіндіру, оттың тілсіз жау екенін ұқтыру. Өрттен, оттан сақтану жолдарын өт өшіретін құралды пайдалануды, адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық–техникалық заттарды пайдалану кауіпсіздік ережелерін айтып үйрету. Балаларды өрттің алдын алуға ынталандыру, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу

Ойын: «Кім шапшаң?»1-4 сыныптар арасында сурет жарысы болды.

Ойын шарты: Берілген сұрақтарға жылдам жауап беру керек.

Олардың жұмысы қандай? (адамдарға қажет, өте ауыр, қиын)
Өрт сөндірушілер қандай болу керек? (батыл, өжет, шапшаң, епті)
Олар неге батыл, шапшаң болу керек? (өйткені өрт кезінде адамдарды, т.б. құтқарады)
Өрт болған кезде қандай нөмерге телефон шалу керек? (101)
Өрт сөндірушіге телефон шалған кезде қандай мағлұматтар беру керек? (не болғанын,
мекен – жайын айту).
Қимылды ойын: «От пен су»

Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Бірі қызыл лентаны тағып, от болып қашады. Ал көк лента таққан балалар су болып қуалайды. Ойын 2-3 рет қайталанады.

Ойын: «Болады – болмайды»

Ойынның шарты: Қолдарыңа мына бағдаршамды алыңдар. Қызыл түсті – болмайтын жағдайда көтересіңдер, ал жасыл түсті – болатын жағдайда көтересіңдер.

Өрт болғанда 101 нөміріне қоңырау шалуға............
Жанып тұрған сіріңкені тастауға............
Үлкендерді айқайлап көмекке шақыруға..........
Өрт шыққан жерде қалуға.........
Өрт кезінде керует астына, шкаф ішіне тығылуға............
Өрт кезінде есік, терезені ашуға.............

Просмотров: 348


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст