"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Кеңөткел ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Кеноткель отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

6 – 7 сынып оқушыларымен өрт қауіпсіздігі

12.02.2020

           Кеңөткел негізгі мектебінде 6 – 7 сынып оқушыларымен өрт   

               қауіпсіздігіне байланысты сынып сағаты өткізілді.

       Тақырыбы: «От –досымыз, от - жауымыз» 
       Мақсаты: оттың адам өміріндегі маңызын,пайдасын, пайда болу жолдарын ұғындыру. Сонымен қатар оттың тілсіз жау екендігін ұқтыру. 
Өрттің зияны мен қауіпсіздігі туралы толық мағлұмат беру. Оқушыларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық т.б. қатерлі нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу. 
        Көрнекілігі: сюжетті суреттер,  тірек –сызба. 
        Барысы. 
        Оттың шығу тарихы. 
        Мұғалім:Құрметті оқушылар, біздің бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы «От – досымыз, от –жауымыз». Жалпы «от» деген сөзді қалай түсінесіздер? От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От –өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса тамақ піспейді, үй жылымайды.
       От туралы мақал –мәтелдер айтайық. 
       1.Отпен ойнама,күйерсің. 
       2.Ойын түбі –от. 
       3.Отын деген шөп болар, 
          Жинай берсең көп болар. 
      4.От жақпа-пісерсің, 
         Ор қазба –түсерсің. 
      5.Сумен ойнама –батарсың, 
         Отпен ойнама –күйерсің. 
     6. От пен су –тілсіз жау. 
     7.Өзі саққа құдай жақ. 
     8.:Сақ жүрсең сау жүрерсің. 
     9.Сақтықты сұңқырдан үйрен. 
  10. Жау жоқ деме –жар астында. 
        Бөрі жоқ деме –бөрік астында. 
       Міне, балалар бүгін біз «От –досымыз, от -жауымыз» деген тақырыпта сынып сағатын өткіздік. Жоғарыда айтылғандарды естеріңде сақтап, әдепті оқушы болып жүріңдер. 

Просмотров: 379


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст