"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Кеңөткел ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Кеноткель отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Абай әлемі»

12.02.2020

Кеңөткел негізгі мектебінде  ұлтымыздың дара туған ұлы перзенті — Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына  «Абай әлемі» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Мақсаты —   дана Абайдың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу, ұлы Абайдың шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттау, өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу.
     Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай: «Ұлы Абайдың» мұрасы «Рухани жаңғырудың» маңызды бағдарына айналуы қажет. «Абай, шын мәнінде, қазақ болмысының айнасы. Ақынның дара тұлғасы — халқымыздың руханиятын әлемге танытатын теңдесі жоқ құндылық. Дүниежүзі әдебиетінде Абай сияқты ақын, ағартушы, ойшыл, сыншы кемде-кем. Абай, шын мәнінде, қазақтың біртуар перзенті».
Тәрбие сағатында  Абай Құнанбаевтың өмірбаяны мен құнды шығармалары жөнінде айтылды. Сахналық көрініс көрсетілді.
Өз өнерлерін ортаға  салған 4-5 сынып оқушылары Абай атамыздың  өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп оқыды. Қойбағар Ақжанның орындауында «Көзімнің қарасы» атты әні шырқалды.1сынып оқушысы Кушунов Леонид  Абайдың өлең шумақтарын  жақсы білетінін көрсетіп, біздерді тағы бір тебірентіп тастады.

Просмотров: 255


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст