"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Кеңөткел ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Кеноткель отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өрт – тілсіз жау»

18.02.2020

Кеңөткел негізгі мектебінде 5 сынып оқушыларымен өрт қауіпсіздігіне байланысты сынып сағаты өткізілді.

Тақырыбы: «Өрт – тілсіз жау» 
Мақсаты: оттың адам өміріндегі маңызын,пайдасын, пайда болу жолдарын ұғындыру. Сонымен қатар оттың тілсіз жау екендігін ұқтыру. 
Өрттің зияны мен қауіпсіздігі туралы толық мағлұмат беру. Оқушыларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық т.б. қатерлі нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: сюжетті суреттер, тірек –сызба. 

Барысы. 
Оттың шығу тарихы. 
Мұғалім:Құрметті оқушылар, біздің бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы «От – досымыз, от –жауымыз». Жалпы «от» деген сөзді қалай түсінесіздер? От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От –өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса тамақ піспейді, үй жылымайды.От қалай пайда болды? 

Ерте заманда алғашқы адамдар отты пайдалануды найзағайдан түскен оттан үйренді. Сол найзағайдан түскен отты сөндірмей пайдаланды. Барлығы аң аулауға кеткенде, бір адам от басында қалатын болған. Тамақты пісіріп жеуді де найзағай отының астында қалған еттен байқаған.От астында қалған ет шикі еттен дәмдірек екенін байқап, асты пісіріп жеуді үйренген. Сол заманнан –ақ оттың өте маңызды екенін аңғарамыз. 
От –өрісі кең түбір. Енді осы «от» түбіріне байланысты сөздерді терсек: отағасы, отау,отарба. Яғни мұннан шығатын нәрсе –«от» сөзі жылылықтың белгісі іспеттес. Оттың пайдасымен қатар зиянды жағы да жоқ емес. Қандай зияны бар, оқушылар? 
Оқушылар: Өртену, күю, жану, жарақат алу. 

«Отпен ойнама, күйесің» дегендей оттың зиянды жақтарына тоқталсақ: 
Оттың зиянды жақтары: отты дұрыс пайдаланбаса, адам күйіп қалады. Өртенген дала. Күйген ас. 
« Өрт –тілсіз жау» атты бөлімімізде өрттің шығу себептері туралы айтамыз. Бұл тарауда сіріңке, темекі, үтік, газ суреттеріне не айта аласыңдар? (сурет көрсетіледі) 
Өрттің шығу себептері:

1.Шылымның тұқылын сөндірмей тастаса; 
2.Шырпымен ойнаса; 
3.Үтікті қосып кетіп қалса; 
4.Газды ашық қалдырып кетсе; 

Отты өршіте түсетін нәрселер: 
• перделер

• киім 
• кілем жабындары 
• жиһаз, пластик қаптамалар 
• өрт және жарылыс қаупі бар заттар 
Мына жағдайларда жұт белең алады: 
• өрт хабарлағыш жоқ болса немесе істен шықса 
• эвакуациялық көшіру жолдары болмаса немесе оларға заттар қойылып тасталса 
• өрт сөндірушілер дер кезінде шақырылмаса 
• терезе торларын ашу мүмкін болмас 
Өрт қауіпсіздігін білу- әр оқушының міндеті. «Сақтықта қорлық жоқ» деп аталатын бұл бетте оқушылар өрт қауіпсіздігін айтып береді және өрт қауіпсіздігіне керек құралдардың суреттерімен жұмыс жүргізеді. 
Жағдаяттық сұрақтар. 
Сұрақтарға жауап береміз. 
1.Сен үйде жалғыз қалдың.Ата –анаң қонаққа кетті. Кенет электр тоғының пышырлап жана бастағанын байқадың. Не істер едің? 
2.Екі досыңмен (үшеуің) демалыс күні бірігіп ойнап жүрсіңдер.Қарындарың ашып, күлге картоп көміп жегілерің келді. Сөйтіп сіріңке әкеліп, аулаға от жаға бастадыңдар. Бір кезде жаққан оттарың желмен ұшып ауладағы үйілген шөпке тиіп, шөп жана бастады.Не істейсің? 
3. Үйге көп қонақ келді. Қонақтар шай ішіп болған соң үлкен кісілер шылым шегуге сыртқа шықты.Сөйтті де бір кісінің шеккен шылымының сөнбей қалған тұқылынан жердегі қураған шөп жана бастады.Мұндай жағдайда не істейсің? 
4.Үйге анаң от жағып, өзі далаға шығып кетті.Жанып жатқан пештің есігі ашылып кетіп, ішінен жанған от түсіп кетті.Сен не істер едің? 
5.Сен сабаққа келгенде сыныптасың оттық ұстап жүргенін көрдің.Мұндай жағдайда не істер едің?

Өрт туралы видио ролик көрсету.

Дереккөз. Өрт болған жағдайда өзін-өзі басқару.

Көптеген адамдар өртті өздеріне қатысы жоқ, немесе олардың кесірінен болмайтын нәрсе деп қарастырады. Алайда өрт жағдайларының жартысынан астамына адам факторы – отты пайдаланудағы бейқамдық пен абайсыздық себеп болып жатады. Сондықтан өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін барлығы білуі тиіс. 
Ең әуелі кез келген бейтаныс ғимаратқа кіріп бара жатқанда, жолыңызды есте сақтауға тырысыңыз, негізгі және қосалқы есіктердің орналасуына мән беріңіз. Егер де «Өрт!» деген айқайды естісеңіз немесе түтін иісін сезсеңіз, не болмаса жалын байқаған болсаңыз, өрт сөндіру қызметіне хабарлаңыз. 
Сабырлылық пен ұстамдылық сақтауға тырысыңыз, қасыңыздағы адамдарды тыныштандырыңыз. Жағдайға баға беріңіз, шын мәнінде қауіп төніп тұрғанына көз жеткізіңіз, оның қайдан пайда болғанын анықтаңыз, содан соң сабырмен, үрейге бой алдырмай қарама-қарсы бағытта есікке қарай жылжыңыз. Топ ішінде келе жатқанда, қартаң адамдарға жол беріңіз, байбалам салушыларды тоқтатыңыз. Қорқыныш салдарынан қозғала алмай қалғандарға көмектесіңіз, олармен байсалды, түсінікті түрде сөйлесіңіз. 
Тобыр ішінде қалсаңыз, шынтағыңызды бүккен күйде қолдарыңызды қос бүйіріңізге қойыңыз да, жұдырығыңызды түйіңіз. Кеудеңізді шалқайтып, аяғыңызды алға тіреп, тегеурінді арқаңызбен тоқтатуға тырысыңыз, сөйтіп алдыңызды босатып, асықпай жылжыңыз. 
Түтіні қалың жерлерге кірмеңіз! Заманауи ғимараттардың тұрғызылуында жанған кезде уытты заттар бөліп шығаратын пластик, синтетика көп пайдаланылады. Бірнеше рет тыныс алсаңыз-ақ болды, уланып өліп кетуіңіз мүмкін. 
Бөлмелердің, дәліздің түтінге толғанын көрген сәтте түтін жете қоймаған басқышқа немесе есікке қарай жүріңіз, тек лифтке кіруге болмайды. Өрт кезінде лифтті пайдалануға мүлде тыйым салынады. Қабырғалардан, тұтқалардан ұстаңыз, қол орамал немесе киім сыртынан дем алыңыз. Егер де түтін қоюлана бастайтын болса, еңкейіп немесе жер бауырлай жылжыңыз. Ал егер температураның жоғарылап бара жатқанын сезсеңіз, демек қауіпті аймаққа жақындап қалдыңыз деген сөз. Мұндайда ең дұрысы – кейін шегіну. 
Егер қалың түтіннің, жоғары температураның және өрттің кесірінен басқышқа немесе дәлізге шыға алмайтын болсаңыз, есікті мықтап жауып, тез арада кейін қайтқаныңыз жөн. Ал есіктің жарықтары мен желдету саңылауларын дымқыл шүберекпен бітеңіз. 
Түтіннің қалыңдығы қауіпті деңгейге жетіп, ғимараттағы температура тым артқан болса, есікті жақсылап жауып, балконға, лоджияға шығу керек. Суланған жапқыш немесе басқадай қалың матаны ала шығыңыз, өрт есік немесе терезе ойықтарынан өткен жағдайда сонымен қымтанасыз. Алайда бұл қорғаныш ұзаққа бармайды. Балкон болмаған жағдайдағы сіздің соңғы мүмкіндігіңіз – қабырғадан ұстап, терезе алдындағы тақтайға (ернеуге) шығу. 
Егер де төменде өрт болмаса, ал бөлмеде қалу қауіп туғызса, өрт сөндірушілер басқышы арқылы астыңғы қабатқа түсуге тырысыңыз. Өзіңізді қорғау үшін өрт сөндіру жеңін де пайдалануға болады. Бір-біріңізді сақтандыра отырып, жеке-жеке қорғануға кеңес етеміз. Әрине, бұл өмірге қауіп төндіреді, алайда басқадай амал қалмайтын жағдайлар бар. 
Егер де түтіні қалың дәліз арқылы шықпақ боп шешсеңіз, (ал ол өте қауіпті), суланған қалың матаны жамылып, еңкейе немесе еңбектей қозғалыңыз. Қалың мата сізді түтіннен қорғайды және от жалындап, қызуы артқан шағын телімдерден секіріп өтуге мүмкіндік береді. Ал егер от толқынының өзіңізге жақындап келе жатқанын көрсеңіз, матамен басыңызды қымтап, ойланбастан жерге жата кетіңіз, бұл сәтте ішкі ағзаларыңыздың күймеуі үшін тыныс алмағаныңыз жөн. 

Міне, балалар бүгін біз «Өрт – тілсіз жау» деген тақырыпта сынып сағатын өткіздік. Жоғарыда айтылғандарды естеріңде сақтап, әдепті оқушы болып жүріңдер. 

Сынып жетекшісі: Қойбағар А.Б

Просмотров: 324


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст