"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Кеңөткел ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Кеноткель отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өзін-өзі тану»

18.02.2020

«Кеңөткел негізгі мектебі» КММ

2019-2020 оқу жылының 3-12 ақпан аралығында өткізілген

«Өзін-өзі тану»: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы онкүндіктің қорытындысы

 

Біз XXI-ші ғасырда, адам санасының шарықтап дамыған уақытында өмір сүру мүмкіндігін алып отырмыз. Бұл бізден осы заманның сұранысы мен талабына сай білімді, рухани байлықты қажет етеді. Баланың жеке тұлға ретінде үйлесімді қалыптасуы мен дамуы өзін-өзі тани білгенде ғана жүзеге аспақшы. Осы орайда көптеген жылдар бойы аналық жүрек жылуын бала өміріне арнап келе жатқан Сара Алпысқызының авторлығымен енгізілген «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының маңыздылығын және сырлы әлемге толы дүние екендігін баршаға таныту мақсатында 2020 жылы 3 ақпанда Кеңөткел негізгі  мектебінде «Өзін-өзі тану»: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің жалпы мектептік салтанатты ашылу жиыны өткізіліп, онкүндік бойынша іс-шараның жоспарымен таныстырылды. Мектеп директоры С.Ш.Баймурзин сөз сөйлеп, оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа, сыйластыққа, қамқорлыққа, татулыққа, сүйіспеншілікке, махаббатты бағалай білуге, жақсылық жасауға, адамгершілікке, достық, татулық, мейірімділікке шақыра отырып, онкүндіктің жақсы деңгейде өтуіне сәттілік тіледі.  Дәстүрлі онкүндікті ұстаздар, оқушылар үлкен қуанышпен қарсы алды.

 

Онкүндіктің мақсаты: Өзін-өзі тану пәнінің авторы С.А.Назарбаеваның еңбегін таныту, оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды дамыту, өзара келісім мен  өзара түсіністікке баулу, мейірімділік пен  адамзатқа деген сүйіспеншілікті  қалыптастыру.

5 ақпанда «Махаббат – өмір негізі» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларды жақсылық жасауға үйрете отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Оқушыларға айналасындағы барлық адамдарды жақсы көрудің маңызын ұғындыру.

2. Оқушылар бойындағы мейірімділік  қасиеттерін дамыту.

3.  Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу

Просмотров: 222


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст